Өскеменде төртінші күн қатарынан ауа ластанады
Фото: inbusiness.kz
Бүгін еліміздегі бес қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
Бұлардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының екі шаһары бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«2023 жылғы 8 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», деп жазылған Қазгидромет хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.