KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?

Сурет: domfaq.com

8.06.2023, 10:40 493 Оразай Жеңісұлы

Пойыз кешіккен әр сағат үшін жолаушыға жол жүру құжаты құнының 3 пайызын қайтарады. Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Егер 6 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушылар вагон-мейрамханаларда тегін тамақтана алады. Жол жүру жағдайларының өзгеруі мен пойыздардың 2 сағаттан астам кешігуі туралы жолаушыларға SMS хабарлама жолданады. Сондай-ақ техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып тамақтану орындарының, сауда нүктелерінің санитарлық аймақтардың үздіксіз жұмыс істеуі бақыланады," – деп жазылған хабарламада.

Вокзалда жолаушыларға ақпарат беру бойынша 1433 анықтама телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ жол жүру құжаттарын қайтару бойынша +7 707 270 36 64 телефонына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу