KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Әлем қайтадан блок-блокқа бөлініп, жіктеле бастады – Мемлекет басшысы

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

8.06.2023, 12:28 315 Оразай Жеңісұлы

Қазір әлемде болып жатқан дағдарыстардың тамыры өткен күндерде жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының жалпы отырысында осындай пайым айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«COVID-19-дан бастап қарулы қақтығыстарға дейінгі бірқатар халықаралық дағдарыс біздің нәзік халықаралық экожүйемізге қауіп төндіріп отыр. Алайда бұл үдерістер тамырын өткен күндерден алып жатыр. Сондай-ақ біз кейінгі 30 жылда көрмеген бұрынғы блоктарға жіктелуді байқап отырмыз. Бұл бөлшектену тек геосаяси сипатта ғана емес. Олардың экономикалық астары да бар. Экономикалық саясаттың өзі қаруға айналып барады. Ондай текетірестер санкциялар мен сауда соғыстарын, мақсатты қарыз саясатын, қаржыландыру жүйесіне қолжетімділікті шектеу, тіпті жүйеден шығарып тастау, инвестицияны скринингтеу сияқты шараларды туындатып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, осы факторлардың бәрі кейінгі онжылдықтарда жаһандық бейбітшілік пен бақуатқа өзек болып тұрған еркін сауда-саттық, жаһандық инвестиция, инновация және әділетті бәсекелестіктен құралатын іргетасты біртіндеп теңселтіп жатыр.

«Бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы және мемлекеттер ішінде бөлінушілікке және әлеуметтік мазасыздықтың күшеюіне әкеледі», – деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу