ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 20 адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір бойынша қос азаматтықпен жүрген 20 адам анықталған. Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін қазақстандық құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үшеуі сот шешімімен ел аумағынан шығарылды.
«Мәселен, мамыр айында Көші-қон қызметінің мамандары өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады. Алайда ол бұл туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған. Риддер қаласының әкімшілік сотының шешімімен шетелдік әйел елден шығарылды», - деп мәлімдеді полиция.