KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

Қос азаматтығы бар 20 адам жауапқа тартылды – ШҚО

Фото: egemen.kz

9.06.2023, 21:36 361

Жыл басынан бері ШҚО-да қос азаматтық дерегі үшін 20 адам жауапкершілікке тартылған.

Шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарын уақтылы тапсырмаған 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

13 адамның 3-і сот шешімі бойынша ҚР аумағынан тыс жерлерге шығарылған.

  "Осы жылдың мамыр айында Көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады, алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған. Осы жылдың 29 мамырында Риддер қаласының әкімшілік сотының шешімімен шетелдік әйел Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ШҚО ПД осыған қатысты заңнама туралы түсіндірді.

  "ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды естеріңізге салады. Бұзушылық болған жағдайда азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл ретте 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылады", – делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу