KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, В
443.72 482.28 4.9

Семейдегі өрт Шүлбі ГЭС-іне жақындағаны рас па?

Сурет: inbusiness.kz

10.06.2023, 14:12 308 Оразай Жеңісұлы

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Абай облысындағы алапат өрт Шүлбі ГЭС-іне жақындағаны туралы ақпарат тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бұл дерек шындыққа жанаспайды деп хабарлады.

Абай облысының ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкел бұл қауесетті жоққа шығарып, қазіргі уақытта ГЭС-ке нақты қауіп жоқ екенін айтқан.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, күштер мен құралдар өрттің таралуын бақылайды», – деп атап өтті А.Штыкел.

«БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Азаматтарды дүрбелеңге түспеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив