Өскеменде төбелескен қыздарға қатысты жалған ақпарат тараған
Әлеуметтік желілерде Өскемендегі төбелескен қыздардың бірі өз-өзіне қол жұмсаса, екіншісінің анасы қалалық білім бөлімінде жұмыс істегендіктен ешқандай жауапкершілікке тартылмағаны туралы ақпарат тараған.
ШҚО ПД бұл факт шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жаза көзделгенін ескертеміз", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде қыздардың төбелескен видеосы тараған болатын. Кейін мұндай жағдай алғаш рет орын алмағаны, зардап шеккен қызға осы уақытқа дейін де қоқан-лоқы көрсетілгені анықталды.
Оқи отырыңыз