Қалалардың жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты
Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бірқатар қалалардың жабылатындығы туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Таралған хабарламада карантиндік шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларының жабылатындығы туралы айтылған.
Бұл ақпаратқа қатысты Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Айтуларынша, аталмыш мәлімет жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Баспасөз қызметі ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрап отыр.
Оқи отырыңыз
11 мамырдан бастап халық жаппай жұмысқа шығады деген ақпарат жалғанБерік Уәли ШҚО-ға әкім болды деген ақпарат жалған - АқордаЖалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жариялайтын сайт ашылдыМинистрлік оқу жылы 15 қыркүйекте басталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарады"Сіздерден кешірім сұраймын" - Күршім туралы жалған ақпараттың авторы (ВИДЕО)