Алтай және Риддер қалаларына «Сергек» орнатылады
Келесі жылы Алтай және Риддер қалаларының ірі қиылыстарында 500-ден астам «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш жоба елді мекендерді жалпы цифрландыру аясында жүзеге асырылмақ.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгінгі таңда аталмыш бейнекамералар өзінің оң нәтижесін көрсетіп жатқынан да атап өтті.
Мәселен, тек облыс орталығында «Сергек» камералары арқылы жол-көлік оқиғаларының саны 17% - ға төмендеді. Сондай-ақ осы жылдың басынан бері 6 мыңнан астам әкімшілік және 88 қылмыстық іс ізін суытпай ашылды.
- Өңірдің басқа да қалаларында "Сергек" жүйесін орнату жобалары әзірленді. Риддерде 335 бейнекамера, Алтайда 224 бейнекамера орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл бейнебақылау камераларының арқасында құқық бұзушылықтар тез анықталып, азайып келе жатыр. Сондақтан оны белсенді түрде дамытуымыз керек, - деді аймақ басшысы.