KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жылыту маусымына жүз пайыз дайын болуымыз керек – ШҚО әкімі

Фото: shko.akim.official

21.06.2023, 10:07 257 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, бірінші кезектегі міндеттерді анықтау үшін облыстық басқармалардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Ол жылыту маусымына облыстың барлық ауданы кестеден қалмай дайын болуы керектігін баса айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Біз барлық әлеуетімізді маңызды тұстарда шоғырландыруымыз керек. Ең алдымен, бұл – жылыту маусымына дайындық, облыстың барлық ауданы жоспарға сәйкес дайын болуы шарт. Сонымен қатар тұрғындар осы саладағы жобалардың барысынан хабардар болуы тиіс. Бұлар: мектептер, балабақшалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, жолдарды салу және жөндеу жобалары. Яғни, жүргізілетін жұмыстардың сапасына барынша көз жеткізе алуы керек, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ әлеуметтік салаға баса назар аударылатынын атап өтті. Себебі облыстың әрбір тұрғынының әл-ауқаты оған тікелей байланысты.

– Шығыс Қазақстан әрқашан түрлі салалардағы жаңа идеялар мен жобалардың қайнар көзі болып табылады. Қазір негізгі міндет барлық жылу көздерін, магистральдық желілерді, әлеуметтік нысандарды және тұрғын үй қорын жылыту маусымының басына жүз пайыз дайындыққа келтіру. Басқарма басшылары барлық мәселелерден хабардар және оны шешуге бар күш-жігерін салу қажет, – деді Ермек Беделбайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив