KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Жанармай бекеттерінде газ баллонын толтыруға тыйым салынады

Сурет: kspprints.com

23.06.2023, 10:18 302 Оразай Жеңісұлы

Енді жанармай құю бекеттерінде баллондарға газ құйылмайды. Ал сұйытылған көгілдір отынды сату бағасы қатаң бақылауға алынады. Осындай нормаларды белгілейтін заң жобасы Сенатта мақұлданып, Президентке қол қоюға жіберілді.

Парламенттегілер былтырғы қаңтар оқиғасы газ саласындағы заңнаманы өзгертуге бастау болғанын айтады. Енді көгілдір отынның қымбаттауы күрт тыйылады.

Сонымен қатар, белгілі бір бағамен сатып алынған сұйытылған газдың әр партиясын ресми үстеме бағадан артық бағада сатуға болмайды. Ал тұрмыстық баллондарды қауіпсіздік мақсатында арнайы бөлінген орындарда ғана толтыруға болады.

"Жанармай құю бекеттерінде газ баллонын толтыру мүмкін болмайды. Бұл баллондарды тек газ толтыру бекеттерінде толтыру керек. Арнайы қондырғылар бар, газ баллондарының қысымы тексерілетін арнайы эстакадалар бар. Пайдаланудан шығарылғанына қарамастан, олардың жеке нөмірлері болуы керек", - деп түсіндірді энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив