KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде Ахат Күленов туралы шағын фильмнің тұсаукесері өтті

10.04.2023, 12:57 293 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы "Юбилейный" кинотеатрында көрнекті қазақстандық металлург Ахат Күленовті еске алуға арналған фильмнің көрсетілімі өтті.

Ахат Сәлемхатұлы еліміздің металлургия өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның басшылығымен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазіргі «Казцинктің» Өскемен металлургия кешені) тәуелсіз Қазақстанның алғашқы таза алтыны шығарылды. Сондай-ақ белгілі металлургтің құрметіне облыс орталығында "Куленовка" деп аталатын тұтас бір аудан оның атымен аталған.

Ахат Сәлемхатұлы кәсіпорынды басқарумен қатар педагогикалық және ғылыми қызметпен де айналысқан.

"Казцинктің" қолдауымен шағын фильм көрерменді көрнекті қайраткердің өмірімен, сондай-ақ оның мұрасы және жетістіктерімен таныстырады. Фильмнің сюжеті оны жеке білетін адамдардың естеліктеріне негізделген.

Фильмді алғашқылардың бірі болып тамашалауға Күленовтің жақын достары, әріптестері мен туған-туыстары келді.

– Өткен жылы Ахат Сәлемхатұлының туғанына 90 жыл толды. Оны еске алуға арналған осы фильм «Казцинктің» қолдауымен түсірілді. Ол кісіні жеке танитын адамдар үшін бұл үлкен бір естелік болса, ал жастарға шабыт беретіні сөзсіз. Күленовтің өмірі Өскеменмен тығыз байланысты. Ол – қайсарлығының, еңбекқорлығының, ерік-жігері мен адамдарға деген сүйіспеншілігінің арқасында елге танылып, құрметке бөленген адам, – дейді «Казцинктің» әкімшілік мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Қазіргі уақытта Ахат Күленов туралы фильмді металлургия және басқа да жақын салалардың студенттеріне арналған оқу бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив