KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Зейнетақы жинақтарын қолдануға көбірек құқық беріледі

Сурет: liter.kz

27.06.2023, 22:43 243 Оразай Жеңісұлы

1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған құжаттың негізгі жаңалықтары туралы айтты.

Министрдің айтуынша, Әлеуметтік кодекс жобасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың зейнетақы активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілетін болады.

"Енді азаматтар белгіленген шекті мөлшерден асатын зейнетақы жинақтарын емделуге және тұрғын үй сатып алуға ғана жұмсай алады. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайызынан аспайтынын активтерді басқарушы компанияларға аудару құқығы беріледі", – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу