KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 3 м/с, В
521.81 543.67 5.05

Самардағы сауықтыру лагеріне 200 бала қабылдау жоспарланып отыр

Фото: egemen.kz

29.06.2023, 15:01 223 Ләззат Қанатқызы

Сарыбел ауылдық округінде орналасқан "Балауса 2" балаларды сауықтыру лагеріне биыл 5 ауысымда 200 бала қабылдау жоспарланып отыр.

Аталған лагерь биылдан бастап Самар ауданындағы Балалар өнер мектебінің балансына берілді. Ал балаларды 1 шілдеден бастап қабылдай бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі кезде онда даярлық жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кету керек, "Балауса 2" балаларды сауықтыру лагері әлеуметтік статустағы балалар үшін тегін. Ал ақылы түрде 25 000 теңге болады.

Жалпы, жаз мезігілінде Самар ауданы бойынша 457 баланы қамтитын 18 жаздық мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді.
Ал балалардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуын және сауықтырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу