Сенат және Мәжіліс депутаттары каникулға кетті
![](/kz/uploads/posts/2023-06/image_jpg-1.webp)
Сурет: smi24.kz
Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарланды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың каникулы басталғанын мәлімдеді.
Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары белсенді жұмыс істегенін атап өтті.
"Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті", – деді ол.