365 талапкер ҰБТ-дан шығарылды
Фото: stan.kz
Елімізде ҰБТ-ның алғашқы аптасы аяқталды. ҰБТ басталғаннан бері 267 мың рет тест тапсырылған.
Талапкерлердің 76%-ы қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде, 292 рет ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
ҰБТ басталғалы шекті балды 79% талапкер жинаса, орташа балл 70 болды. Төрт адам ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 137 балл жинады.
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында алты аптаның ішінде олар 719 рет ҰБТ-ға қатысты.
Бүгінгі таңда 365 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.