KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Енді шай қымбаттады

Фото: wildberries

10.07.2023, 16:29 163 Оразай Жеңісұлы

2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында елімізде 8,7 мың тонна шай мен кофе өнідірілді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 35,2 пайызға көп. Бұл туралы Energyprom.kz порталы жазды. 

«Биыл маусым айында ғана кофе 1,2 пайызға, шай 0,2 пайызға қымбаттады. Жалпы, бір жыл ішінде кофенің құны 20 пайызға, шайдың бағасы 14 пайызға өскен», - делінген зерттеуде.

Кофенің бағасы Түркістан облысында айтарлықтай өскен, өсім – 40,5 пайыз. Ақмола облысында оның бағасы 38,5 пайызға өссе, Маңғыстау облысында 36,1 пайызға қымбаттады. 

Қызылорда облысында шайдың бағасы 28,7 пайызға өсті. Одан кейін шай қымбаттаған қала – Шымкент, өсім – 27,2 пайыз. Үшінші орында Абай облысы тұр, шайдың бағасы 21,4 пайызға өскен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив