KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Ұн 16 пайызға қымбаттады

Сурет: mail.kz

3.07.2023, 10:38 193 Оразай Жеңісұлы

Елімізде ұн бағасы бір жылда 16 пайызға өсті.

Жеті өңірде қымбатшылық 20 пайыздан асып кетті, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі Energyprom деректеріне сілтеме жасап.

2023 жылы мамырдың қорытындысы бойынша ұн бағасының бір айда 0,2 пайызға өскені белгілі болды. Бұл айдағы баға 2022 жылғы мамырдағымен салыстырғанда 16,2 пайызға жоғары.

Өңірлер арасында бір жыл ішінде ұн Павлодар облысында айтарлықтай қымбаттады, бірден 41,8 пайызға өскен. Одан кейін Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары тұр. Мұнда баға 39,1 пайызға және 34,5 пайызға өскен. Бағаның ең аз өсімі Шымкент қаласында (жылына 2 пайызға), Солтүстік Қазақстан (8,4 пайызға) және Қарағанды (11,2 пайызға) облыстарында байқалады.

Былтыр айлық өсім 6,8 пайыз, жылдық өсім 29,9 пайыз болғанын айта кетейік.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу