KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Елімізде инфляция төмендеп келеді

Фото: sputnik.kz

12.07.2023, 11:36 179 Ләззат Қанатқызы

Елімізде инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6 пайызға жетіп, төрт ай қатарынан төмендеуде.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, маусымдық факторлардың айқын көрінуінен азық-түлік инфляциясының тұтыну бағаларының жалпы өсуіне қосатын үлесі азаюда. Ұлттық банк инфляцияның осы жылдың соңына қарай 11-14 пайызға дейін баяулауын күтеді.

Сондай-ақ азық-түлікке әлемдік бағаның одан әрі төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді.

- 5 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін жағдай жасауда. Болжамдық раунд нәтижесін негізге ала отырып, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жан-жақты қарау арқылы төмендету орындылығын бағалайды, - деді Виталий Тутушкин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу