ШҚО-да коммуналдық желілердің 64 пайызы тозған
Фото: baq.kz
Елімізде жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері 51% тозған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
Оның айтуынша, 2030 жылға қарай коммуналдық желілердің жалпы тозу көрсеткішін 40% дейін төмендету міндеті тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тозуды төмендету бойынша нысаналы индикаторлар белгіленіп, өңірлерге жеткізілді.
- Бүгінгі таңда коммуналдық желілердің ең көп тозуы Павлодар (68%), Шығыс Қазақстан (64%), Қарағанды (62%) және Ұлытау облыстарында (62%) сақталып отыр. Биыл 126 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға 86 млрд 300 млн теңге бөлінді. 3 айдың ішінде 23 шақырым жылумен жабдықтау желілері салынды, бұл – жалпы жоспардың 18 пайызы, – деді М.Қарабаев.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, сондай-ақ реконструкциялауға биыл республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінді.
Жыл соңына қарай орталықтандырылған сумен жабдықтау 120 ауылға және 4 қалаға 100% қолжетімді болады.
Оқи отырыңыз