ШҚО: Жылу желілерінің жартысынан астамы тозған
Фото: top-news.kz
"Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша тарифтік саясатты реформалау шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін төмендегідей бірқатар құқықтық негіздер қалыптастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда:
- жөндеу жұмыстарын ұлғайту үшін инвестициялар тарту;
- өңірдегі орта салалық деңгей бойынша қызметкерлердің жалақысының өзгеруі;
- иесіз желілер мен жабдықтар шығындарының өтемақысы.
Департамент ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын өзгертуге ұсынылған өтінімдерді қарады. Ал 29 мамыр мен 5 маусым аралығында облыс бойынша тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар салаларында тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырыстары өтті.
Қазір бірлескен бұйрықтар өңірдің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілуде.
Инвестициялық бағдарламалардың қосымша іс-шараларының сомасы:
- "Өскемен ЖЭО" ЖШС – 1 млрд теңге (тариф есебінен);
- "Согра ЖЭО" ЖШС – 482 млн теңге (тариф есебінен);
- "Өскемен жылу желілері" АҚ – 1 млрд теңге (тариф есебінен);
- "Өскемен Су Арнасы" МКК – 2023 жылға арналған бірінші кезең – 64 млн теңге (тариф есебінен) және 2024 жылға арналған екінші кезең – 1,73 млрд теңге.
Департамент басшысының айтуынша, бұл қаражат табиғи монополиялар субъектілерінің желілері мен жабдықтарын реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталатын болады және кәсіпорындардағы тозуды орта есеппен 2%-ға төмендетеді.