1-сыныпқа құжат неліктен тамызға дейін ғана қабылданады?
Фото: malim.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау неліктен 1 тамызға дейін жүретінін түсіндірді.
Министрдің айтуынша, оқулық дайындауды алдын ала жоспарлау үшін оқушылар санын анықтап алу қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Құжаттар қабылдауды біз ертерек, көктемнен бастаймыз. Оқушылардың санын анықтап, оқулық дайындауды алдын ала жоспарлау керек. Құжат қабылдауды 1 қыркүйекке дейін ұзартуға да болар еді. Онда 1-сынып оқушыларына қанша кітап керектігі белгісіз болады. Оқулықтарды ертерек қажетті көлемде сатып алу қажет. Уақыттың тығыздығынан 1 тамызға дейін ғана құжат қабылдау жүреді», - деді Ғани Бейсембаев.