KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Биыл оқу бағдарламасында қандай өзгерістер болады?

Фото: school32nv

25.07.2023, 15:09 181 Оразай Жеңісұлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына орай білім беру бағдарламасындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

«Біз Ы.Алтынсарин атындағы академияның ресми сайтына оқу бағдарламасы бойынша сарапшылардың шешімдерін үнемі ашық жариялаймыз. Сонымен қатар сарапшылар өздерінің жеке парақшаларында да бөліседі. Қазір министрлік оқу бағдарламасына қатысты түпкілікті шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бүгінде талапқа сәйкес ата-аналар қауымдастығы талқылап жатыр. Сарапшылар мен ғалымдар өз шешімдерін қабылдады. Енді ол шешімді ата-аналар және мұғалімдер қауымы талқылауы қажет», – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін.

Министрдің мәлімдеуінше, сарапшылар өңірлерді аралап, шешімдерді талқылауға кіріскен.

«Сарапшылар 36 апталық оқу бағдарламасын қалдыруды ұсынып отыр, яғни 1 маусымға дейін. Дегенмен қазір қоғамдық талқылау жүріп жатыр»,  деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив