KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Жаңа монета айналымға шықты

25.07.2023, 16:30 191 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан Ұлттық банкі TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Аталған монета 24 шілдеде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан айналымға шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

26 шілдеден бастап монеталар ҚҰБ-тың интернет дүкені арқылы сатыла бастайды.

Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 100 жылдығына орай шығарылған. Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі болған Т.Жүргеновтің атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте басталған еді.

МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы – 10 000 дана.

Қазақстан теңге сарайында дайындалған аталмыш коллекциялық монеталарды аударуға, ұсақтауға, айырбастауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив