Глубокое ауданында балалар және спорт алаңдары орнатылады
Аяужан Утеулинованың суреті
Глубокое ауданында "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру аясында Предгорное, Винное, Черемшанка, Секисовка ауылдары 680 миллион теңге сомаға жолдарды орташа жөндеу және көше жарығын орнатумен қамтылатын болады.
19 шақырымнан астам кентішілік жолдар жөнделіп, 600-ден астам көше жарықтандыру тіректері орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауданда 4 жобаны іске асыру басталды. Атап айтқанда, Глубокое кентінің жылу желілерін реконструкциялау, Малоубинка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу, Степное және Бобровка ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту.Сонымен қатар жалпы сомасы 84,7 миллион теңгеге 8 балалар және спорт алаңдарын орнату жұмыстары мен 79,2 миллион теңгеге 5 әлеуметтік нысанды жөндеу жоспарланған, – деп толықтырды Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.
Сондай-ақ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында Белоусовка кенті мен Опытное поле ауылында 300 орындық мектеп салу бойынша дайындық жұмыстары басталмақ.
Оқи отырыңыз