Өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қоғамдық мәселесі талқыланды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қоғамдық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс әкімі бірден баяндамадан бас тартып, ардагерлермен емін-еркін әңгіме өрбітуге көшкен еді. Қала-аудандардағы ардагерлер кеңесінің өкілдері аймақ басшысының бұл әрекетін жылы қабылдап, қызу пікір алмасып, біршама мәселені талқыға салды.
Бейінді басқармаларға бір ай ішінде ардагерлерді қолдауға қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларды біріктіріп, пилоттық жоба жасау тапсырылды.
Оқи отырыңыз