ШҚО әкімі қарттардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауды тапсырды
Фото: Ермек Имангазинов
Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ардагерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Оның ішінде ардагерлердің спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына қажетті бар жағдай жасалған Белсенді қартаю орталығының жоқтығы айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңір басшысы спорт нысандарында ардагерлер үшін денешынықтыру мүмкіндігін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Ермек Көшербев Денешынықтыру және спорт басқармасына бұл мәселені шешуді тапсырды.
Еске сала кетсек, бүгінде облыста 136 мың зейнеткер тұрады, соның 121 мыңнан астамы – ардагерлер ұйымдарының мүшесі.