Шекарадағы "Бақты" пункті жөндеуге жабылады
Фото: gov.kz
Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде.
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.
Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан 2023 жылы 18-20 тамыз аралығында "Бақты" өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды.
"Бақты" өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінген хабарламада.