KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Фото: kazgazeta.kz

18.08.2023, 17:35 237 Оразай Жеңісұлы

Қарағанды облысында қайғылы апаттан қаза тапқан жандардың жақындарына көмек көрсетіледі. Бұл жайлы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов айтты.

Апат болған "Қазақстан" шахтасының маңындағы Шахтинск қаласында брифинг өтті. Кеншілер кен өндіріп жатқан компаниямен 2 жылға еңбек шартына отырған. Сол келісімге байланысты апаттан зардап шеккен барлық кеншілердің емге кеткен қаражаты толықтай төленеді.

"Еңбек шартының төңірегінде қаза болған жандардың жақындарына 10 жылдық жалақы төлеп беру, үй алып беру, басқа да әлеуметтік көмектермен, балаларына оқуға түсуге жәрдем беру қарастырылған. Емханада жатқан жандарға ем ақшасы төленеді", - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің трағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу