Өскеменде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Фото: kazlenta.kz
Облыс орталығында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.
Оқиға 21 тамыз күні «ADK River» сауда үйі жақта болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Nissan маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Жаяу жүргіншіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлері тексеріп, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деп тапты. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз