KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

БЖЗҚ-да қанша қазақстандықтың 100 миллион теңге жинағы бар?

сурет ашық дереккөзден алынды

6.10.2023, 17:38 249 Оразай Жеңісұлы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қанша қазақстандықтың есепшотында 100 миллион теңгеден аса ақша барын хабарлады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

БЖЗҚ-ның дерегі бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 салымшының зейнетақы жинағы 100 миллион теңгеден көп. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 675,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 525,6 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталған.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адам болған.

"2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, орташа жиынтық зейнетақы 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге", – деп мәлімдеді қор.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу