Тұрақтандыру қорының нүктелерінде көкөністердің бағасы қанша?
Өскемендік тұрғындар тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінен азық-түлікті нарықтаға бағадан 20%-ға арзанға сатып ала алады.
«Ертіс» ӘКК таратқан мәліметке сүйенсек, биылғы маусымаралық кезеңде 10 мың тоннаға жуық жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін алуға алдын ала келісімшарт жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Қарашадан бастап картап- 120 теңге, сәбіз-120 теңге, пияз – 110 теңге, қырыққабат – 100 теңгеде сатылады. Сондай-ақ, тазартылған күріш, қарақұмық жармасы, қант, өсімдік майы және макарон өнімдері бойынша тұрақтандыру қоры мәміле жасасқан. Жалпы азық-түлік көлемі 5 мың тоннадан астам. Онда қант – 459 теңге, қарақұмық - 320 теңге, күнбағыс майы – 630 теңге, макарон – 285 теңге және күріш – 460 теңге тұрады, - делінген "Ертіс "ӘКК"АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дәстүрлі түрде күздің соңғы айында, яғни қарашадан бастап облыс орталығында көкөністерді әлеуметтік бағамен сату маусымы басталады.
Бүгінгі таңда қалада тұрақтандыру қорының 16 нүктесі жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз