Қоқыс үйінділерін уақытылы жоймаған әкімдер жауапкершілікке тартылды - ШҚО

Фото: gov.kz
ШҚО-да "Ғарыш Сапары" КЕАҚ ғарыштық мониторингі арқылы 286 стихиялық қоқыс үйінділері анықталған. Бүгінде олардың 136-сы жойылған, қалғанын жою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ұлан ауданы бойынша 100 қоқыс үйіндісі анықталып, 63-і жойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыстық экология департаменті аудандар мен қала әкімдіктерімен бірлесіп стихиялық қоқыстарды жою кестесін бекіткен. Осындай шаралар нәтижесінжде жыл соңына қарай барлық полигондарды жою жоспарларып отырған көрінеді.
Егер қоқыс үйінділерін жоюдан бас тартқан немесе кестеген сай орындамаған жағдайда жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.
Мәселен, Ұлан ауданына қарасты Айыртау және Егінсу ауылдық округінің әкімдері қоқыс үйінділерін уақтылы жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов экология министрлігіне қоқыс үйінділерін жою бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын.
ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабының 2-бөлігіне сәйкес рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын атап өткен жөн.