Республика күні қарсаңында 5 мыңнан астам Ту көтеру жоспарлануда
Республика күні қарсаңында белсенділер ел аумағы бойынша 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр.
Акцияға жастар қанатының белсенділері ғана емес, қазақстандықтар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне іліп жатыр.
Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатып қойған.
“Менің Елім – Менің Туым" акциясына "Жастар Рухының" 500-ден астам белсендісі қатысуд. Олар Еліміздің барлық өңірінде 5 мың Ту көтеруді жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз