KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қала тұрғындарының саны жыл сайын 5 пайызға артып келеді

көрнекілік сурет

23.10.2023, 22:27 174 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда соңғы он жылда ауылда дамытуға арналған түрлі бағдарламаның қолға алынғанына қарамастан, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жыл сайын орта есеппен 5 пайызға артып келеді. Соның нәтижесінде қалалық елді мекендерде сапалы жұмыстың дефициті қалыптасты. Бұл туралы Қазақстанда еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында жазылған.

Тұжырымдамаға сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан халқының 60 пайызы қалаларда тұрады және ауылдан қалаға көшушілер саны тұрақты түрде өсіп келеді. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай мегаполис тұрғындарының саны 2,2 есе артады. 

«Мегаполистердің инфрақұрылымдық дамуы жаңа сапалы жұмыс орындарын құру үдерісімен үндестірілмеген. Ауылдық жерлерден қалаларға келген мигранттар сапалы жұмыс таба алмайды. Бұл ретте географиялық қана емес, сонымен қатар секторлық көші-қон да жүріп жатыр», - делінген тұжырымдама жобасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу