Ахмерде ерекше сырғанақ ашылды
19 қаңтарда Өскемен қаласындағы Жаңа-Ахмер ауылының тұрғындары және әскери қызметшілердің отбасыларына арналған тау сырғанағының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Халық Қаһарманы Қ.Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінің командирі подполковник Ержан Мейрманов әскери бөлімінің тәрбиеші офицерлерін, Қазақстан Республикасы Қарулы күштер тәрбие құрылымдарының офицерлері 27 жылдығымен құттықтап, өз марапаттарын табыстады.
Сырғанаққа еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін келіпті. Кент тұрғындары осындай қоғамдық дүниенің өте қажет екенін айтады.
-Әскери бөлімінің бөлімнің гарнизон тұрғындарына тосын сый ұсынып, халық ризашылығына бөленіп отыр. Осындай игі бастамаға тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіргім келеді, - деді зейнеттегі подполковник Юрий Романович.