KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
494.84 537.4 5.58

Сүт бір жылда 20 пайыз қымбаттады

шартты сурет

2.11.2023, 10:02 222 Оразай Жеңісұлы

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында сүт өнімдерінің өндірісі 444,1 мың тонна немесе 444,5 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыдан физикалық мәнде 5,4 пайыз, құндық мәнде 25 пайыз артық деген сөз деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.

Бұл ретте ашытылған сүт сусындарының өндірісі бір жылда 0,6%, яғни 171,4 мың тоннаға дейін қысқарды. Алайда, бұл санатта ұлттық ашытылған сүт сусындары – шұбат пен қымыз өндірісі көбейді: тиісінше 5,7% және бірден 52,8%.

Ірімшік пен сүзбе өндірісі 16,6%, 31,9 мың тоннаға, сары май мен спред өндірісі 23,3%, 22,9 мың тоннаға дейін өсті. Ал қатты күйдегі сүт өндірісі 41,9%, 3,7 мың тоннаға дейін төмендеді. Балмұздақ өндірісі 32,6% өсіп, 46,5 мың тонна болды.

Биыл қыркүйек соңында сүт өнімдері бір жыл ішінде 16,1% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында байқалды: бір жылда 24,7%. Одан кейін Қызылорда (24,3%) және Ұлытау (23,7%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында байқалды: 10%.

Барлық сүт тағамдарының ішінде ішетін сүт 20%, сүт консервілері 26,4%, сүзбе 11,8%, қатты ірімшік 10,7%, ашытылған сүт өнімдері 15,7% қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде айран 17,5%, қаймақ 16,6%, йогурт 9,8% қымбаттады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу