KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Қазақстанға импортталатын күріштің үлесі артты

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 11:12 239

Биыл қаңтар–мамырда елімізде 72,1 мың тонна қауыз немесе жарма күріш өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 19 пайыз аз.

Өңірлер ішінде барлық өнімнің 90,4 пайызы дәстүрлі түрде Қызылорда облысының үлесіне тиеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Energyprom.kz порталының дерегінше, Қызылорда облысындағы көрсеткіш 65,2 мың тонна, жылдық кемуі 21,3 пайыз. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында да тиісінше 4,7 мың, 2 мың және 138 тонна өндірілді.

Жалпы, 2022 жылы республика бойынша 213,4 мың тонна күріш өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8 пайызға көп.

Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысында қазақстандық күрішшілер сектордағы сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 95,3 пайыздың орнына 91,9 пайыз қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 8,1 пайыз өсті: елге 5,1 мың тонна күріш әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,5 пайызға көп.

Ағартылған күріш экспорты бұл ретте 11,8 пайызға артып, 32 мың тонна болды. Ал пайдаланылған ресурстардағы экспорт үлесі былтырғы 38,2 пайыздан биыл 50,6 пайызға өсті.

Ішкі нарықтағы сатылым, керісінше, бір жылда бірден 32,6 пайызға, 31,3 мың тоннаға дейін қысқарды.

Биыл қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша Қазақстаннан 11,3 млн АҚШ доллары сомасына 32,7 мың тонна күріштің барлық түрі экспортталды. Өсім физикалық мәнде 12,3, ақшалай түрде 3,1% пайыз ғана болды.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі: 11 млн АҚШ долларына 32,4 мың тонна. Экспорт көлемдік мәнде 19,1, құндық мәнде 11,1 пайыз өсті. ТМД елдерінің ішінде қазақстандық күріштің негізгі сатып алушысы Өзбекстан: бір жыл бұрын 1 мың тонна болса, қазір 14,3 мың тонна. Ресей мен Тәжікстан да үздік үштікке енді.

Қазақстан ТМД-ға кірмейтін әлемнің қалған елдеріне 309 тонна күріш жөнелтті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 84 пайыз аз. Мұнда қазақстандық күріш импорты бойынша Моңғолия, АҚШ және Грузия көш бастап тұр.

Елімізде биыл маусымда жылтыратылған және тазартылған күріштің келісі орта есеппен 604 теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 47,6 пайыз қымбаттады.

ҚР ірі қалаларының ішінде күріш Оралда (келісі 828 теңге), Ақтауда (787 теңге) және Астанада (721 теңге), ең арзаны Талдықорғанда (459 теңге), Петропавлда (463 теңге) және Қызылорда (495 теңге).

Күріш бағасының ең көп жылдық өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 80,7 пайыз. Одан кейін Түркістан (74%) және Ақмола (64,6%) облыстарында. Ең аз жылдық өсім Атырау облысында тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив