KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты

5.11.2023, 19:00 300 Назерке Каримова

Семейде жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада айтқан. 

Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай тәртіп сақшылары қызды тапты.

«Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр. Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу