KZ
Өскемен
-23°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
514.74 599.36 6.71

«Шығыс салбұрынына» 600-ге жуық турист келеді

Аяужан Утеулинованың суреті

10.11.2023, 19:00 6 357 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қарашаның 23-25 күндері аралығында шығыста бүркітшілердің халықаралық фестивалі өтеді.

Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында өтетін құсбегілер тойына бірнеше мемлекеттен бүркітшілер келіп қатысып, салбурынды 600-ге жуық турист тамашаламақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бозанбай ауылының жанындағы Бәйгетөбеде өтетін құсбегілердің «Шығыс салбұрыны – 2023» фестиваліне Моңғолия, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің бүркітшілері қатыспақ.

– Жарыс өтетін жерде қазақи этностильде 15 киіз үй құрылатын болады. Сондай-ақ 600-ге жуық Қазақстаннан және шет елдерден туристтердің келуі жоспарлануда, – деді баспасөз брифингі барысында Ұлан ауданының әкімінің орынбасары Қуат Оқасов.

Бүркітішлер тойының өту барысы туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу