KZ
Өскемен
-32°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

Болат Назарбаев қайтыс болды

Фото: wikimedia

13.11.2023, 11:55 402 Оразай Жеңісұлы

Болат Назарбаев өмірден өтті. Хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады.

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды», - деп мәлімдеді Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында растады.

«71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды»,- деп жазды ол. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Сондай-ақ ҚР Президентінің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны да хабарланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу