KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
508.91 594.36 6.33

Шығыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Фото: turkystan.kz

17.11.2023, 20:39 638 Ләззат Қанатқызы

Демалыс күндері ШҚО-да күн суытып, қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

19 қараша күні өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- 19 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Ал, 20 қараша күні термометр бағаны түнде 5-10 градусты, күндіз 13 градусты көрсетеді, - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға өте мұқият болу керектігін ескертеді.

- Дауылды ескерту жарияланған кездері алыс аймақтарға бармағаныңыз абзал. Егер шұғыл түрде жығу керек болған жағдайға өзіңізбен бірге трос, күрек, қуатталған телефон мен PowerBank, жылы киім мен бұзылмайтын тамақ алуды ұмытпаңыз, - делінген хабарламада.

Жолдың жай-күйін «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу