KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да жел соғып, жауын-шашын болуы мүмкін

5.04.2023, 22:26 314 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да алдағы күндері ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

"Қазгидромет" ШҚ филиалы ақпаратына сүйенсек, 8 сәуір күні облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болып, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, термометр бағаны 0-5 градусқа дейін төмендейді.

  Дауылды ескерту жарияланған күндері тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты қатаң қадағалау керектігін ескертеміз, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Автожолдардың жай-күйін, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден "112" арнасына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу