KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

ШҚО тұрғындары өкпенің қатерлі ісігіне тегін тексеріле алады

шартты сурет

20.11.2023, 09:07 293

Шығысқазақстандықтар өкпенің қатерлі ісігіне тегін тексеріле алады. Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында  2023 жылғы 25 қарашада  сағат 9.00-13.00 аралығында өкпенің қатерлі ісіктерін ерте анықтауға және  алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді.

-Осы күні облыстың кез келген тұрғыны орталықтың  жетекші торакальды онколог- дәрігерлерінен тегін кеңес алып, тексеруден өте алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болса, жеткілікті. Участкелік дәрігердің жолдамасы қажет емес, - деп түсіндірді орталықта.

Мекен-жайы:  Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 1 корпус, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының консультациялық- диагностикалық бөлімшесі (емхана), байланыс телефондары: +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45

Автор: Кәмал Естай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу