KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями Штиль
516.91 586.33 6.3

Облыстық онкология орталығында Ашық есік күні болады

шартты сурет

22.05.2023, 15:30 630 Оразай Жеңісұлы

Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктің ең агрессивті түрлерінің бірі – меланома және тері ісігімен күресуге арналған Ашық есік күні өтеді.

Бұл күні білікті мамандардан кеңес алып, алғашқы тексеруден өтуге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Іс-шараның өтетін уақыты: 27 мамыр, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Пациент жеке куәлігін ала келсе жеткілікті. Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше, тел. +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу