Облыстық онкология орталығында Ашық есік күні өтеді
Фото: adyrna.kz
23 қыркүйек күні көпсалалы онкология және хирургия орталығында әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің алдын алу және бас және мойын ісіктерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Тұрғындар орталықтың білікті мамандарынан кеңес ала алып, алғашқы тексеруден өте алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шара 27 мамыр күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтеді. Пациент жеке куәлігін ала келсе жеткілікті. Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.
Көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше, тел. +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.