KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Саркоманың алдын алу үшін ашық есік күні өтеді – ШҚО

Фото: egemen.kz

11.07.2023, 11:10 322

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Ашық есік күні» акцисы өтеді.

Акция 21 шілде күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара саркома ауруының алдын алу үшін ұйымдастырылған. Бұл күні тұрғындар Орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алып, тексеріле алады. Тұрғындар өзімен бірге жеке куәлігін ала келуі қажет. Ашық есік күні учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет болмайды.

Жыл сайын шілде айында саркома ауруы жөнінде ақпараттандыру жүргізіледі. Дерекке сүйенсек, қазіргі таңда ШҚО-да осы аурумен ауырған 200-ден астам адам есепте тұрған көрінеді.

Мекенжайы: ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы, Өскемен қаласы Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана). Байланыс нөмірі: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.

                      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу