KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Шалғайдағы елді мекендерге интернет желісі тартылады - ШҚО

21.11.2023, 15:47 165 Қызырбек Дүргінбайұлы

Елімізде әлі күнге дейін интернет мәселесі шешімін таппаған шалғай елді мекендер бар.  Осы қатарға интернет байланысы жоқ Зайсан ауданындағы 10 елді мекен кіреді.

Бүгінгі таңда Зайсан ауданының 33 елді мекенінің 23-і, яғни, 70 пайызы интернетпен қамтылған. Ал шағын 10 елді мекенде мүлдем интернет жоқ.

– Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Жаңатұрмыс, Жалшы, Шілікті, Тасбастау, елді мекендеріне антенна-діңгек құрлыстарын орнату бойынша 282 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Ағымдағы жылы Шілікті ауылында жұмыстар басталды, – деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ал алдағы уақытта барлық ауылдар интернетпен қамту жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив