KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

2027 жылға дейін тағы 191 елді мекен интернетке қосылады - ШҚО

Фото: inbusiness.kz

2.11.2023, 17:56 226 Нұржан Кенжеұлы

Бүгінде ШҚО-дағы 363 елді мекеннің 172-сі немесе халықтың 94,7 пайызы интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Серікхан Нұртазин хабарлады.
2023 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында халық саны 8 344 адам болатын 20 елді мекеніне кең жолақты интернет желісі тартылыпты. Оның ішінде Тарбағатай ауданының Асусай, сондай-ақ Катонқарағайдың Ақсу сияқты шалғай ауылдары бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Ағымдағы жылдың 25 мамырында өңір халқын интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру мақсатында облыс әкімдігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, Жол картасын бекіткен болатын. Оның шеңберінде 2027 жылға дейін Шығыс Қазақстандағы қалған 191 елді мекен кезең-кезеңімен интернетпен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ облыс тұрғындарын талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу жұмыстары да жалғасуда, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде Өскемен қаласының 19, 20, 21 шағын аудандары сым арқылы жаланған интернетпен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар 25 шағын ауданда да атқарылмақ. Қазір бұл жөнінде байланыс операторларымен келіссөздер де жүргізілуде.
Белгілі болғандай, биыл Шемонаиха ауданында интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік көрсеткіштерін арттыру мақсатында «Ауылдық жерлердегі Интернет» қанатқақты жобасы іске асырыла бастапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу