KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

шартты сурет

22.11.2023, 13:25 181 Оразай Жеңісұлы

Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары қомақты пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен прокуратура бірлесіп жасырын тергеу жүргізіп, облыстық экология департаменті басшысы орынбасарының заңсыз әрекетін әшкереленді. Ол «қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін» бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі бойынша заңға қайшы әрекет жасаған кәсіпорындардың бірінен ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінді», - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеуге қатысты ақпарат жария етілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив